Мемлекет басшысы Жапониядағы «Хагибис» тайфуны салдарынан қаза тапқан және әртүрлі жарақат алған адамдардың қайғыларын бөлісіп, Премьер-министр Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Қазақстан халқының және өз атымнан жақындарынан айырылған азалы отбасыларға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Апатта зардап шеккендердің тез арада сауығуын тілеймін,– делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.