• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қазан, 2019

Студенттерге жемқорлықпен күресу жолдары түсіндірілді

687 рет
көрсетілді

Студенттер арасында жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында «Парасыз сессия», «Таза сессия», «Адал жол», акциялары тұрақты түрде ұйымдастырылып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтіп тұрады.

Осы бастамаға орай, Алма­тыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қи­мыл агент­тігінің «Sanaly urpaq» респуб­ликалық жобалық кең­сесінің басшысы Қайыржан Токушевпен кездесті.

Жиында Қ.Токушев Жоба­лық кеңсенің негізгі қызметі туралы баяндап, оны жоғары оқу орындарында ашудағы мақсаты мен міндетін айтты.

– Ұрпақ тәрбиесі ең алдымен мектеп пен университет қабырғасында қалыптасады. Бала­ның дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының, қоғам­мен қарым-қатынасының бас­тауында ата-анасы мен ұстаздары үлкен рөл атқарады. Сондықтан жастар тәрбиесіне бәрі­міз жауаптымыз. Кез келген оқу орны үшін сапалы білім бірінші кезекте тұруы тиіс. Міндетіміз – қоғамның жегі құртына айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын жүргізу, ортақ әдіс-тәсілдер енгізіп, жастармен жан-жақты жұмыс істеу. Сонымен қатар еліміздің білім беру жүйесі арқылы жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастырудың ең үздік тәжі­рибесі екенін көрсетіп, одан бас тартатын ортаны кеңей­ту басты мақсатымыз, – деді Қ.Токушев.

Кездесу барысында Қыздар университетінің 100 студенті «Sanaly urpaq» республикалық жобалық клубына мүшелікке қабылданды.

Басқосуды оқу орнының Әлеу­меттік даму жөніндегі про­ректоры міндетін атқару­шы Жаңагүл Сұлтанова қоры­тындылап, университетте сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Оның айтуынша, универ­ситеттің тәрбие, оқу және ғы­лым үдерісінде әдептілік қағи­даларын сақтау басты назар­ға алынған. Бұл тұрғыда «Сы­байлас жемқорлыққа қарсы мәде­ниет негіздері» атты пән оқу бағ­дарламасына енгізілді. Аталған пән студенттердің саналы түрде және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады.

Кездесу аясында Қ.Токушев студенттердің өзін өзі басқару және демалыс орнының қыз­метімен танысты. Оқу орнының бас ғимаратының база­сында жақында ашылған бұл орталықта білімгерлер өзде­рін жан-жақты дамытып, қоғамдық белсенділігін арт­тыруға мүмкіндік алмақ. Сон­дай-ақ түрлі бастамалар мен жобаларды іске асыруды талқы­лайды.

 

АЛМАТЫ