Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу бойынша Жаңаөзен қаласына жергілікті және республикалық бюджеттен 2019 жылға 674,5 млн.теңге бөлініп, жыл соңына дейін 560,0 млн.теңге қосымша қажет етеді.
Қала бойынша экономикалық қызметтің барлық түріндегі жұмысшылардың орташа еңбекақы 2019 жылдың қаңтар-тамыз айында 447662 теңгені құрады, 2018 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда 9,9%-ға өсті.
Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар Қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлімдеді.
Жұмыспен қамту орталығының ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы қаңтар-тамыз айларында 3 854 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл көрсеткіш 2018ж. қаңтар-тамызда – 3 766 жұмыс орны болған, өткен жылмен салыстырғанда 102,3% құрады.
Жыл басынан жұмыссыз азамат ретінде хабарласқандар саны - 8625 адам, оның ішінде жастары – 4 700 адам, яғни 54,5%.
01.09.2019 жыл кезеңіне тіркеуде қалған жұмыссыздар саны 2 253 адам болса, оның 1 458-і, яғни 64,7 %-і жастар.
Жұмыссыздық деңгейі - 2,9% құрады. Ағымдағы жыл басынан бері 3 991жұмыссыздар әлеуметтік шаралармен қамтылды, оның ішінде 2 089 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 207 адам әлеуметтік жұмыспен қамтылды, 238 адам жастар тәжірибесіне жолданып, 1 277 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, жастар, көп балалы отбасылар, АӘК алушылардан қысқа мерзімді «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздері оқу курсына 106 адам жолданса, «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздері бойынша несие алғандар саны 44 адамға жетті.
Жұмыссыздарды оқыту және қайта даярлау курстарына 30 адам, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 01.09.2019ж. кезеңіне 1 391отбасы - 7 994 адам болды.
-Нақтырақ айтқанда Жаңаөзен қаласы бойынша жанұяға кіретін кіріс көзін есепке алмай төрт және одан көп 18 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға төленетін ай сайынғы 10 605 теңге жәрдемақысы 2018 жылдан бастап тоқтатылып, кедейшілік шегінен төмен тұратын отбасыларға төлене бастады. Яғни, АӘК алушылардың санының күрт өсуі, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап белгіленген күнкөріс деңгейінің 70 пайызға өсуінен болып отыр, деді қала әкімі.