• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қазан, 2019

Елордадағы жәрмеңкелерді Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облысы аяқтайды

164 рет
көрсетілді

19-20 қазан күндері Нұр-сұлтан қаласындағы күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы аяқталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауа-райының қолайсыздығына, сонымен қатар астық жинаудың жалғасуына байланысты Ақмола облысының ауыл шаруашылығы  өнімдерінің жәрмеңкесі ағымдағы жылдың 26-27 қазанынан 19-20 қазанына ауыстырылады.

Бұл күні екі өңір - Солтүстік Қазақстан облысы мен  Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі бірге өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл осы жылдың соңғы өңірлік жәрмеңкесі болмақ. Естеріңізге сала кетейік, күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусым- тамыз айының соңында басталды. Жәрмеңкеге барлығы 12 облыс қатысты.Аталған жәрмеңкеге өңірлер 3,5 мың тоннадан астам түрлі өнімдер әкелініп, елорда базарларындағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылды.