• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қазан, 2019

Маңғыстауда жедел жәрдем станциясы 8 жаңа автокөлікпен толықты

244 рет
көрсетілді

Ақтау қаласындағы «Амфитеатр» алаңында Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясына жаңа көліктердің кілттері ресми түрде табысталды. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев «103» қызметіне 8 санитарлық автокөліктің кілттерін табыстады. Бұл туралы Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа темір тұлпардың екеуі облыстық санитарлық авиацияға қызмет көрсететін болады, ал қалған 6 көлік аудандарға үлестіріледі. Атап айтқанда, Бейнеу ауданына – 1, Боранқұл ауылына – 1, Мұнайлы ауданына – 2, Маңғыстау ауданына – 1, Ақшұқыр ауылына – 1.

Жедел жәрдем көліктері Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген стандарттарға сай және заманауи құрылғыларымен жабдықталған.  Жаңа автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған барлық қажетті құралдармен толықтай қамтамасыз етілген.

Салтанатты шарада сөз алған аймақ басшысының орынбасары Қаныбек Бекболатұлы өңірімізде денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінеді деп сендірді. Алда облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы 50 су жаңа автокөлікпен қосымша толығады деп күтілуде.

 

 

Маңғыстау облысы