• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қазан, 2019

Жас театр іссапарын Маңғыстаудан бастады

220 рет
көрсетілді

Халық әртісі Асанәлі Әшімов шәкірттерінен құралған «Жаңа ғасыр» театры ел аралауға шықты. Бұл туралы Маңғыстау облысының Өңірлік коммнуикациялар қымзеті алаңында өткен брифингте театр жетекшісі Талғат Кубеков мәлімеді.

- Театр әруақытта халықпен театр. Құрылғанына бір жыл толған «Жаңа ғасыр» театрының алғашқы іс-сапарын 362 әулие мекен еткен киелі Маңғыстау өңірінен бастағанды жөн көрдік. Мақсатымыз - жас таланттарды халықпен таныстырып, елге көрсету, деді Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов.

Жас театрдың бір ерекшелігі – мұндағы 27 әртістің барлығы бір оқу орнында, бір факультетте бірге оқыған курстастар. Қойылымдарын өздері жазып, өздері қойып, өздері ойнап шығады. Биыл ғана құрылған ұжым аз уақытта қоржынын 10 спектакльмен толтырып үлгерген. Костюмер, режиссер, драмматург, актерлар да өз ішінде. Олар Ақтауда алғаш көрермен назарына Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма теарт сахнасында жас актер Елдар Ташкенбайдың шығармасынан алынған «Соңғы қоңырау» поэтикалық комедиясын ұсынбақ.

- Қазір 21-ғасыр ғой. Бүгінгі көрерменнің көзқарасы бөлек, ойы бөлек. Соған лайықты, соған сай шамамыз келгенше тырысудамыз.  Жаңаша  жол іздеп, актерлердің рөл сомдау әдістеріне де өзгерістер енгіздік,  деді «Жаңа ғасыр» театрының көркемдік жетекшісі Талғат Кубеков.

Алғашқы іс-сапарын Маңғыстау өңірінен бастаған театр ұжымының келесі гастрөлдік сапары Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында жалғасатын болады.

 

 

Маңғыстау облысы