16 қазан күні Ұлттық академиялық кітапханада ақын, жазушы, драматург Баянғали Әлімжановтың 65 жылдық мерейтойына орай «Сырыңды айтшы, дүние…» атты шығармашылық кеші өтті.
Кеш барысында ақынның көптомдық шығармалар жинағының 13, 14, 15, 16 томдары таныстырылды. Бұл кітаптар бірнеше тілге тәржімаланған. Әр еңбектің жанры әрқилы. Олардың арасында кішкентай оқырмандарға негізделген ертегілер, ересектерге бағытталған философиялық орамды ойлар, ән-жырларды зерделеген туындылары бар.
Атап айтсақ, «Әй, әртістер-ай!» «Бақытсыз болғың келмесе...» «Балқан байдың айымдары», «Қарыз бен Қаспақ» комедиялары, «Алпамыс батыр мен алып монстр» пьесасы, «Батыр болмақ сойдан-дүр...» атты зерттеуі және басқа да мақалалары жинақталған. Орыс тіліндегі «Сказ столетнего степняка» романы, «Разрешите жить», «Аблай хан и его батыры», «Разрешите жить», «Мальчик победивший Джалмауыз» шығармалары да енгізілген.
Шара аясында бүлдіршіндер ақын өлеңдерінен үзінді оқып, автор шығармашылығына арналған сурет көрмесі ұсынылды.