• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Қазан, 2019

«Алтын бутса» иесі атанды

246 рет
көрсетілді

Аргентина және Испанияның «Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси спорттық ғұмырында алтыншы мәрте «Алтын бутса» иегері атанды.

Бұл марапат жыл сайын Еуропа елдерінің ішкі чемпионатында ең көп гол соғып, ең үздік сұрмерген атанған футболшыға тапсырылады. 2018-2019 жылғы маусымда аргентиналық жұлдыз Ла Лигада 36 гол соққан. Осылайша Месси «Алтын бутса» саны бойынша жеке дара көш бастады. Ал бұл марапатты төрт рет иеленген португалиялық Криштиану Роналду екінші орында келеді. Аргентиналық футболшы 2009-2010, 2011-2012, 2012-2013, 2016-2017 және 2017-2018 жылғы маусымдарда «Алтын бутса» марапатын иеленген болатын.