Толықтай жаңартылған қозғалыс құрамы 19 қазанда қала көшелеріне шықты, - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі. Аталған бағытта бұдан былай 12 метрлік 20 жаңа автобус қатынайтын болады.
«Көліктер түгел пәс еденді, кең және қала тұрғындарын тасымалдауға лайықталған. Автобустар табиғи газбен істейді, кондиционер мен бейнебақылау қондыоғыларыорнатылған. Сыйымдылығы – 104 адам, 22 отыратын орындығы және қосымша тағы қозғалысы қиын жандарға арналған 3 орны бар», – делінген хабарламада.