• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Қазан, 2019

Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен халықаралық турнирге қатысады

322 рет
көрсетілді

Үстел теннисінен қазақстандық спортшылар Ресейдегі халықаралық турнирге қатысады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

23 қазан күні Ресейдің Свердловский аймағында өтетін жарысқа Ресей мен Қазақстанның 21 жасқа дейінгі үстел теннисші шеберлері бақ сынайды.

Атап айтқанда, ел намысын халықаралық додада Самат Бейсенов бастаған Бақдаулет Әкімәли, Дастан Кенжеғұлов, Ырысбек Артукметов, Искандер Харки қорғайды.

Жарыстың жүлде қоры 450 000 рубльді құрайды.