Бейжіңде «Сяншань» қауіпсіздік мәселелері бойынша IX Бейжің форумының ашылуы өтті. Қазақстандық тараптан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бастаған делегация қатысты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін алғашқы пленарлық отырыс өтті. Онда қорғаныс ведомстволарының өкілдері ірі державалардың қарым-қатынастары мен халықаралық тәртіпті талқылады.
Форум аясында барлығы төрт пленарлық отырыс өтеді. Оның барысында қатысушылар жаһандық қауіпсіздік, әскери саладағы халықаралық бақылау жүйесі мәселелерін және тағы басқаны талқылайды.
Одан басқа, «CATIC» қытай ұлттық аэроғарыш импорттық-экспорттық корпорациясына және қосалқы бөлшектерді сақтауға арналған автоматтандырылған қоймаға барады.