• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Қазан, 2019

А.Захаров пен Р.Василенков Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

247 рет
көрсетілді

Тректегі велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар тағы да жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Бұл жолы Артем Захаров пен Роман Василенков жұбы жүлдеге ілікті. Олар «мэдисоннан» өткен жарыста үздік үштікке еніп, қола жүлдегер атанған.

Алтынды Оңтүстік Корея, күмісті Жапония спортшылары иеленді. 

Айта кетейік, тректегі велоспорттан Азия біріншілігі Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатыр.