Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Үкіметінің шақыруымен император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысу үшін Токиоға келді. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жазды.
«Ресми таққа отырғызу рәсімі 22 қазанда Император сарайында өтеді. Сондай-ақ сапар барысында Елбасы бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді», делінген жазбада.