Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың нұсқауына сәйкес Ақтауда Nur Otan партиясының ғимаратында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Халмұрадов Амангелді Хайрмұхаммедұлы басшылығымен өткен шараға Nur Otan партиясы Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сахипов Халиолла Аяшұлы, ПД Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармасы, Көші-қон қызметі басқармасы, бөлім басшылары мен қызметкерлері азаматтардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныстар мен өтініштерін тыңдады.
«Жолда қабылдау», «Аулаларда қабылдау» акциялары республика аумағында барлық қала, аудандарда өткізіліп жатыр. Шараның екінші кезеңі Маңғыстау облысы Полиция департаментінің фронт-кеңсесінде өтті.
Маңғыстау облысы