• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қазан, 2019

Елбасы орнатылған дресс-кодты үнемі ұстанады - А.Үкібай

262 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония императоры Нарухитоның таққа отыру ресми салтанатты шарасында White Tie дресс-коды бойынша киінді. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының ресми Instagram парақшасында жазды.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жапония Императоры Нарухитоның ресми таққа отыру рәсіміне қатысты. Аталған іс-шараға жапон тарапы арнайы дресс-код орнатты. Делегация басшыларын қоса алғанда рәсімге қатысушылардың барлығы White Tie дресс-коды бойынша киінуі тиіс. Елбасы фракты алғаш киіп тұрған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев іс-шараларда орнатылған дресс-кодты үнемі ұстанады», деп жазды Айдос Үкібай. 

White tie - дресс-код талаптарының ішіндегі ең қатал түрі. Оның заңдары ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап өзгеріссіз келеді. Ерлер үшін ашық түсті галстук немесе ақ жейде және кеудешесі бар қара фрак кию міндетті. Қазіргі уақытта white tie киіну үлгісін талап ететін шаралар сирек кездеседі.