• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қазан, 2019

Жаңаөзенде дәрігер мамандар жетіспейді

715 рет
көрсетілді

Жаңаөзен қаласы бойынша барлығы 13 медициналық мекемелер қала халқына, Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарына, сонымен қатар Қарақия ауданының Сенек, Қарақұдық, Құланды, Болашақ, Аққұдық тұрғындарына стационарлық медициналық қызмет көрсетеді. Оның ішінде 6 мемлекеттік медициналық орталық, 7 жекеменшікмедициналық орталық бар, сонымен қатар созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға «Гемодиализ орталығы» тегін көмек көрсетеді.

Жаңаөзенде денсаулық саласында дәрігерлер арасында кадр тапшылығы күрделі мәселе болып отыр. Мысалы, 2018 жылы кардиолог, хирург, акушер-гинеколог,  невропатолог, жалпы тәжірибелі дәрігер, неанотолог, маммолог және өзге де 29 дәрігер-маман жетіспесе, 2019 жылы акушер-гинеколог дәрігер, инфекционист дәрігер, балалар анестезиолог-реаниматолог дәрігері, ЖТД дәрігер, окулист дәрігер, лор дәрігер, онколог дәрігер, невропатолог дәрігерлер жетіспейді.

- Кадр жетіспеушілігін шешу үшін жас мамандарға біріншілік ақшалай көмек және тұрғын үй мәселесін шешу қажет. Сонымен қатар жүрек ауруына шалдыққан науқастарға қала аумағында медиициналық көмек көрсету мақсатында, жеке инвестор қаражаты есебінен кардиоорталық ашу жұмыстары жүргізілуде, 2019 жылдың қазан айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қаражаты есебінен «Жаңаөзен қаласындағы 50 кереуеттік стационары бар медициналық орталықтың құрылысын аяқтау» жобасының  Жобалық Сметалық Құжаттамасына (ЖСҚ-на) түзетулер жүргізілуде. Бюджет қаражаты есебінен 180 кереуеттік «Жаңаөзен қаласында қалалық аурухананың терапевтік корпус ғимаратын салу» жобасы тоқтап қалуына байланысты жұмысын жандандыруды қажет етеді,- деді Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Оңғарбайұлы.

 

 

Маңғыстау облысы