• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Ең қысқа әңгіме 23 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Дәурен Дариябек

380 рет
көрсетілді

Жұма

Имам елге бұрылып тәспісін тартты. Патшаға ынсап, халыққа сабыр тіледі. Жамағат «Әумин» деді. Ауыр хәлде жатқан жандардың тізімін оқып, «Дерттеріне шипасын берсін!» деді. Кейбірі бет сипамастан аттап-аттап шығып жатты. Әр дұғаны баппен оқып, өзі де «Әумин» деді. Түске дейін білімін тергеген Досым ақсақалға өкпесі жоғын білдіріп «Бата беріңіз!» деп ишарат жасады. Сол мезетте ғана дәретсіз екені есіне түсті. «Ақсақал дипломды алдыртып, апшымды қуырмағанда ұмытпас едім» деп өз-өзіне ақталды. Беті ысып, бір сұмдық күй кешті. «Күнәсі соған» деп күбірледі.  

 

 

Дәурен Дариябек

Соңғы жаңалықтар