Қалалық әкімдікте Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкеннің төрағалығымен терроризмге қарсы комиссиясы жұмыс тобының отырысы өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Отырыстың күн тәртібін талқылауға құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдарының басшылары, терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Бас қосу барысында қатысушылар дін проблемаларын зерттеу орталығының жұмысы, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру жөніндегі шараларын талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша терроризмге қарсы қорғау мақсатында тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.