• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қазан, 2019

Елордада қаланың дизайн-коды бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр

282 рет
көрсетілді

Келесі жылдың  бірінші тоқсанына дейін Нұр-Сұлтан қаласының сәулеттік стилін қалыптастырудың үшінші кезеңі аяқталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркеновтің сөзінше, бүгінде дизайн-код бойынша жұмыс басталды. ағымдағы жылдың төртінші тоқсаны және келесі жылдың бірінші тоқсанында бірыңғай сәулеттік стильді қалыптастырудың үшінші кезеңі аяқталады.

«Шынымен де, дизайн-код қалалық дамуды қалытастырудың негізінің бірі. Бұл қала көшелері, орамдар, қоғамдық аймақтарды безендірудің бірыңғай стилі. Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтанның өзіндік стилі бар, ол шығыс пен батыс мәдениетінің үйлесімі. Елордада Норман Фостер және т.б. әлемге әйгілі сәулетшілер жұмыс істеді. Осы жұмысты жалғастыру керек», - деді Н.Нүркенов.

Оның айтуынша, қала сәулетшілері мен әкімшілерінің қаланың тұтас және жекелеген ғимараттары қандай стильде дамитыны туралы ортақ түсінігі болады. Әкімдік кәсіп ашатын кәсіпкерлер мен тұрғын үйлерді салатын құрылыс компанияларына дайын дизайн-код ұсынатын болады.