• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қазан, 2019

Елордадағы ұзаққа созылған құрылыс кешені қалай аяқталады

209 рет
көрсетілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс күні басталғанға дейін «Баспана Көктал» ТК-ге тағы қайтара барды. Бұл үй төрт жыл бұрын проблемалы болып танылған,ондағы үлескерлер саны 500-ден асады. Тұрғын үй кешенін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Елорда  құрылыс компаниясы» салып бітіретін болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мұнда соңғы келген уақыттан бері жобаға түзетулер енгізілген: үйге техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, инженерлік желілері бойынша жоба мемлекеттік сарпатамада қаралуда. Құрылыс салушының айтуынша, лифтілерді орнату бойынша қалқа-қоршауларын бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Әуел баста жоба бойынша 5 қабатты үй салу жоспарланғандықтан мұнда лифті қарастырылмаған, лифтіні өзіміздің қазақстандық компаниядан сатып аламыз, сонымен қоса терезелерін ауыстырамыз. Ал көктемде үйдің ішкі әрлеу жұмыстарына кірісеміз» , - деді құрылыс салушы.

Қала әкімі Алтай Көлгінов қыс түскенге дейін барлық есіктері мен терезелерін жауып, үй төбесінің жабынын бекіту керектігін айтты. Тапсыру мерзімі - 2020 жыл. Қалада барлығы құрылысы аяқталмаған 51 объекті (76 үй) бар. Осы жылдың соңына дейін тапсырылатын үйлердің саны 10-ға жетеді.