• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қазан, 2019

Ақтауда «Anti Corruption Lab» сыбайлас жемқорлыққа қарсы шеберхана өтті

286 рет
көрсетілді

Ақтауда «Зерттеу» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Anti Corruption Lab» сыбайлас жемқорлыққа қарсы шеберхана өз жұмысын таныстырды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

«Anti Corruption Lab» сыбайлас жемқорлыққа қарсы шеберхана республикамыздың 7 қаласында өткізілуде. Шеберхананың міндеті азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құралдарын үйрету болса, мақсаты - құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында қатысушылар мен белсенді азаматтарды тәжірибелік дағдыларға үйрету.

Шеберхананың жұмысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мамандары, Арнайы мониторингтік тобының мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жас және белсенді азаматтар қатысып, Ашық үкімет порталының компоненттері, Мемлекеттік сатып алу порталы және ашық деректер көздері бойынша практикалық кеңестер алды.

Тәжірибелі жаттықтырушылар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шеберхана сарапшылары қатысушыларды заңнамалық актілермен, практикалық дағдылармен таныстырды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғамдық қатысу тетіктерін ұсынды.