• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қазан, 2019

Солтүстік Қазақстанда «әлеуметтік» нан бағасы өзгеріссіз қалды

212 рет
көрсетілді

Облыс орталығының тұрғындары негізінен Петропавл нан-тоқаш комбинатының өнімдерін пайдаланады.

Кәсіпорында күніне орта есеппен жиырма тоннадан астам нан, нан-тоқаш, кондитер өнімдері дайындалып, өз иелігіндегі 24 дүкенге, сонымен қатар  жүздеген сауда нүктелеріне жөнелтіледі.

Өзге өңірлерде «ас атасының» қымбаттағаны байқалса, облыс әкімі Құмар Ақсақалов «әлеуметтік» нан бағасының өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді.

«Өңірде биыл жиналған астықтың шығымы жаман емес. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «әлеуметтік» нан бағасының көтерілуіне байланысты шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмасына орай қолжетімділіктің барлық мүмкіндіктері қарастырылған.  Сақтандыру қорында үш мың тоннға жуық ұн бар. Бұл бағаның бірқалыпты ұсталуын қамтамасыз етеді», деді Құмар Іргебайұлы.

Петропавл қаласының тұрғындарын «ас атасымен» қамтамасыз ету үшін наубайханаларға айына 900 тонна ұн қажет. Нан бағасын тұрақтандыру үшін ұнның 300 тоннасы әлеуметтік нанды пісіруге бөлінеді. Сонымен қатар диірмені бар нан-тоқаш кәсіпорындарына төмендетілген бағамен бидай жеткізілуде. Бұл да әлеуметтік нан бағасын 61 теңге көлемінде сақтауға мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов әлеуметтік нан облыс орталығында 450 азық-түлік сауда орындарында сатылатынын жеткізді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы