«Құтқарушылар күні» мерекесінде Маңғыстау өңірінде Төтенше жағдайлар саласында әр жылдары қызмет атқарған ардегерлер Алматы қаласынан, Орал, Ақтөбе қалаларынан және Дағыстаннан Ақтау қаласына жиылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазіргі таңда Маңғыстау ардагерлер қоғамдық ұйымында азаматтық қорғау органдарының 148зейнеткері бар болса, оның ішінде Төтенше жағдайлар ардагерлері саны - 127.
Қиын-қыстау саланың сындарынан сүрінбей өткен ардагерлер өмір қауіпсіздігінің құрылуына, өртке қарсы үгіт-насихат жүргізуде, өрт және құтқару ісіне азаматтарды - еріктілерді және жастарды тартуда ақыл-кеңес айтар аға буынға айналды.
№3 әскерлендірілген өрттен қорғау жасағы, 18, 19, 20 әскерилендірілген өрт бөлімінің 50 жылдығына арналған салтанатты жиналыс ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД Жаңаөзен қаласындағы № 3 арнайы өрт бөлімшесінде өтті.
Жиналыс барысында ҚР ІІМ ТЖК құқығымен Маңғыстау облысы ТЖД, Жаңаөзен қаласының әкімдігі 20 ардагерді марапаттады, сонымен қатар қонақтарға 1969-1989 жылдар аралығындағы хроникалық-тарихи слайд көрсетілді.
Салтанатты жиынның соңында ардагерлер және қонақтар мерекелік дастарханға шақырылды, онда жас құтқарушыларға ардагерлер өздерінің ақыл-кеңестерін берді.