• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қазан, 2019

Шаңғы қайдан тебесіз, Мырзашоқының басында қар тұрмаса

346 рет
көрсетілді

Баянауылдағы тау-шаңғы кешені былтыр да қарсыз қалды. Биылғы ауа-райы қалай болар екен деген оймен облыс әкімі Болат Бақауов та кешенге барып қайтты.

– Жаңа маусымға дайынбыз. Қардың жауғанын ғана күтіп отырмыз.  Таудың жоғары бөлігінде қар тоқтату жұмыстары қолға алынды. Асхана,құрылғыларды жалға беретін орын-жайлар, шаңғы трассалары қалпына келтірілді, – дейді облыстық Туризм  басқармасының басшысы Марат Айдашев.

Сонымен қатар, Мырзашоқыда балаларға және шаңғы тебуді енді бастағандарға ұзындығы 300-400 метрлік жаңа трасса әзірленген. Тауға жылдам шығу үшін бугель орнатылған.  

Тау-шаңғы кешені былтыр ашылған-ды. Тау етегіндегі құрылыс барысына, арнайы құрылғылар алуға қыруар қаражат  жұмсалғаны анық.

Табиғаттың құбылысына амалың бар ма?! Өкінішке орай,  сырғанақ тау  шаңғы жобасын салғандар - Мырзашоқы басына қардың тұрмайтынын, жел ұшырып әкете беретінін, нысанның тиімді-тиімсізін  әуелден ескермеген екен.