Ақтауда оқ-дәріні сату кезінде В. есімді азамат ұсталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Тұрғылықты жері бойынша тінту шаралары барысында Маңғыстау облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері көптеген қарулар мен оқ-дәрілерді, сондай-ақ көптеген қосалқы бөлшектерді тауып алып, тәркілеген. Аталған факт Маңғыстау облысы Полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеліп, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргіуақытта ұсталған адамның басқа қылмыстарғақатысы тексерілуде.