Парижде өтіп жатқан халықаралық турнирдің іріктеу сынының жартылай финалында қазақстандық теннисші Александр Бублик италиялық Андреас Сеппиге есе жіберді.
35 жастағы Апеннин түбегінің өкілі осы кездесудің фавориті саналды. Себебі, қарсыласына қарағанда ол әлдеқайда тәжірибелі. Кезінде Андреас Сеппи әлемдік рейтингте 18 сатыға дейін көтерілген. Австралияның ашық біріншілігінде төрт рет төрінші кезеңде өнер көрсетті. Ролан Гаррос пен Уимблдонда да сол межеге жетті. АТР турнирлерінде үш рет топ жарды.
Әрине, жерлесіміз ондай нәтижелерімен мақатана алмайды. Десек те Александр Бублик Андреас Сеппиге барынша қарсылық көрсетті. Бұл матч 7:6, 7:5 есебімен италиялықтың пайдасына шешілді.