• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қазан, 2019

Халыққа деген қанатты қамқорлық

384 рет
көрсетілді

Қазақстан Республика­сының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың халыққа Жолдауы – елдің алдында тұрған сұрақтарға жауап беретін нақты міндеттер. Ондағы жоспарлардың Қазақстан халқы үшін үл­кен мүмкіндіктер ашатынына қуаныштымыз. Бас­қаны қайдам, өз басым Президенттің алға қойған мақсаттарының табысты жү­зе­ге асатынына сенімдімін.

Шыны керек, туған Қазақ­станымыз, тәуелсіз мемле­ке­тіміз жыл өткен сайын әлеу­меттік-экономикалық жағы­нан іргесі бекіп, керегесі ке­ңе­йіп, әлемдік қауымдастық алдында беделін арттырып келеді. Біздің дәулетіміздің осындай белесті биікке көтерілуінің заңды негізі бар. Олай дейтініміз, елімізде өмір сүруге қажеттің бәрі де жасалған. Мәселен, Жолдауда айтылған шағын бизнеске деген жанашырлықты мен осыған қосар едім. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев нарық­тық қатынастарға алғаш көшкен кезеңнен кәсіп­керлерге жағдай жасау­ды қолға алды. Мұның оңды бағыт болғанын осы күні байқап отырмыз. Осы ша­ғын және орта бизнес арқылы еңселерін көтерген мемле­кет­тер­дің көп екенін де білеміз. Ал мемлекеттің әл-ауқаты артса, өнер мен мәдениеттің де шырайы кіре беретіні бесенеден белгілі. Сондықтан Тұңғыш Президенттің ісін бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жалғастырып, тағы да экономиканы көтеруге бағыт ұста­ға­ны көңілімізге жылылық ұялатты.

Қысқасы, биылғы Жол­дау­дың жолдары халыққа деген қанатты қамқорлықтың көпті­гімен ерекше есте қа­ла­­ды. Бір ғана мысал кел­тірейін, Жолдауда: «Үкімет Ұлттық банкпен бір­ле­се отырып, зейнетақы жүйе­сі­нің тиімділігін арттыру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Қазіргі уақытта қызмет етіп жатқан адам зей­нет­ақы қорын тек зейнетке шық­қан­нан кейін қолдана алады. Алайда олардың бұл қаражатты ол кезге дейін қол­данғысы келетіні түсі­нік­ті. Үкіметке осы жыл­дың соңына дейін қызмет етіп жатқан азаматтардың зейнетақы қорларының бір бөлігін мақсатты пайдалану, мәселен, баспана сатып алу, білім алу мәселесін қарастыруды тапсырамын», деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл бүгінгі таңда еңбек етіп жатқан барша жұрт үшін қуанышты хабар екені айдан анық.

 

Рақымжан ТҰРЫСБЕК,

филология ғылымдарының докторы, профессор