• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қазан, 2019

Шаңғы: Жастар Финляндияда жаттығуда

144 рет
көрсетілді

Шаңғыдан Қазақстанның жастар құрама командасы Финляндияға аттанды. Олар айтулы мемлекеттің Вуокатти қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 

Суоми еліне сапар шеккендер қатарында Дидар Қасенов, Еламан Қожабек Мария Люфт, Ксения Жердева, Елизавета Селезнева, Лаура Қиныбаева, Анастасия Хмельницкая, Иван Люфт, Никита Гридин және Святослав Матасов сынды жас өрендер бар. Сонымен қатар Ақтөбе облысы командасының мүшелері Ернұр Бексұлтан мен Батыржан Демеужан да еліміздің жастар құрамасы мүшелерімен бірге сол жақта жаттығады.

10 күндік оқу-жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін жерлестеріміз бірден Мунио курортына аттанады. Ол жерде 9-19 қараша аралығында халықаралық турнир өтеді.