• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2010

КИКБОКСИНГ КУБОГЫ

694 рет
көрсетілді

Кеше елордада “Дәулет” спорт кешенінде кикбоксингтен ел кубогы жолындағы жарыстың жалауы көтерілді. Жарысқа еліміздің барлық об­лыстары мен Астана және Алматы қалаларының үздік спортшылары келді. Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті тө­ра­ғасының орынбасары Елсияр Қанағатов Қазақстан кик­бок­син­гінің 20 жылдық м­е­ре­ке­сімен жиылған жұртты құт­тықтаса, Кикбоксинг федера­ция­сының президенті, Пар­ламент Мәжілісінің депутаты Ирак Елекеев жарысқа қаты­сушыларға табыс тіледі. 2010 жыл қазақстандық кик­боксинг үшін ерекше жыл. Биыл бұл спорт түрінің Қазақстанда дамуының 20 жылдығын атағалы отыр. Бұл жекпе-жек күрес түр­ле­рінің ең жас түрі. Әйтсе де, қа­зақ­стандық кикбоксшылар әлемде қазақ елінің көк байрағын жоғары көтеріп жүр. Мәселен, 2009 жылы Тай елінде өткен жекпе-жек күрес спорт түрлері бойынша Бірінші Азия ойындарында 40 ел ішіндегі жалпы командалық есепте біздің кикбоксшылар бірінші орынды иеленді. Олар біздің қор­жы­ны­мызға 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлделерді салған болатын. Вьетнамда қараша айында өткен жабық алаңдағы 3-ші Азия ойындарында да спортшылар 2 алтын, 3 қола медальға ие болып, Қазақстанның 3-ші орынға ор­на­ла­суына елеулі үлесін қосқаны белгілі. Әлемнің үздік кикбок­с­шы­ла­ры қатарынан да отан­дас­тарымыз орын алды. Италияда өткен әлем чемпионатында 1 күміс және 3 қола жүлделерді қанжығаға байлады. Аталмыш кубок жеңімпаздары еліміз құрама командасының құ­ра­мына еніп, ел намысын ха­лық­ара­лық жарыстарда қорғамақ. Жарыс жексенбі күні өз мәресіне жетеді. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК. АСТАНА.