• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қазан, 2019

Сәтбаев қаласында Тайжан әндерінің республикалық байқауы өтті

337 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында Тайжан ақын әндерін орындаушылардың ІІ республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды.

Биылғы байқауға Алматы, Шымкент, Қарағанды қалалары мен Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан 14 үміткер бақ сынады. Қатысушылар бірінші турда үш және екінші турда екі әннен орындады.

Құрамында Қазақстанның халық әртісі, Өнер университетінің профессоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосынов пен еңбек сіңірген қайраткер, ақын, әнші-жыршы Қатимолла Бердіғалиев бар қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге алматылық Жаннұр Мұсылманбек лайықты деп танылып, жеңімпазға 500 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

Бірінші жүлдені Қызылорда облысынан келген Ерлан Ыбырайхан иеленсе, жүлделі екінші орын шымкенттік Әміржан Бекниязовқа бұйырды. Ал Шығыс қазақстандық Талант Мәжитов пен Батыс Қазақстан облысының әншісі Мирлан Жамбылов үшінші жүлдені өзара бөлісті. Бірінші жүлдеге 300 мың теңге және үшінші орын үшін 200 мың теңге берілді.