• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қазан, 2019

Күрес: Адлан Асқаров күміс медальді иеленді

308 рет
көрсетілді

Еркін күрестен Венгрияның астанасы – Будапеште өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем біріншілігінде (U-23) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. 

Айтулы жарыста 57 кило салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық жас өрен Адлан Асқаров бастапқы бәсекелердің барлығын жеңіспен аяқтап, жартылай финалда ирандық Әлиреза Сардакты сүріндірді. Ақтық айқаста жерлесіміз Бостандық аралының өкілі Рейнери Эндрю Ортегамен күш сынасты. Шешуші бәсеке кубалық балуанның пайдасына шешіліп, біздің Адлан күміс медальді мойнына ілді. Ал қола жүлдені жоғарыда есімі аталған Иран спортшысы мен Әзірбайжанның спортшысы Афган Хашалов иеленді. 

Өзге салмақ дәрежелерінде әзірбайжандық Тұран Байрамов (65 кило), грузиялық Мирза Шхулухия (70 кило) мен Тариэль Гафриндашвили (79 кило) және ирандық Можтаба Мохамедшариф Голейж (79 кило) дара шықты. Кеше еркін күрес шеберлері өз жарысын аяқтап, қыздар арасындағы бәсеке басталды. Ертең грек-рим күресін серік еткен сайыпқырандар боз кілемге шығады.