• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Күрес 01 Қараша, 2019

Екінші жүлде қоржында

147 рет
көрсетілді

Будапештте (Мажарстан) күрес түрле­рі­нен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты жал­ғасуда. Кезекті жарыс күнінде қа­зақстандық балуан Юсуп Батырмыр­заев әлем біріншілігінде қола медаль жеңіп алды.

Дүниежүзілік біріншілікте 125 кило салмақта сынға түскен отандасымыз бастапқы бәсекеде жапониялық Тайки Ямомотодан (8:2) басым түскенімен, келесі кездесуінде ирандық Аббас Зареден (7:17) ұтылды. Парсы балуаны финалға шыққаннан кейін жерлесіміз жұбаныш бәсекесіне қатысуға мүмкіндік алды. Жұбаныш белдесуінде Юсуп Молдова спортшысы Самхан Джабраиловты (14:4) жеңіп, қола жүлде үшін өткен бәсекеде грузиялық балуан  Зурико Урташвилиді 13:2 есебімен айласын асырып, жарыстың қола жүлдесіне ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпио­натында тағы бір қазақстандық балуан Адлан Асқаров ел қоржынына күміс жүлдені салған болатын.