Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың су тасқыны салдарынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету туралы үндеуіне орай мемлекеттік мекемелер, меншіктің барлық түріндегі ұйымдар мен жеке азаматтар жан-жақты материалдық және моральдық көмектерін ұсынуда. Осының бәрі Қазақстан азаматтарының шынайы патриотизмінің, халықтардың бірлігі мен топтасқандығының айғағы болып табылады.
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен “Сезон” журналының редакциясы Мемлекет басшысының үндеуін қолдай отырып, табиғи апаттан зардап шеккен Қызылағаш және Егінсу ауылдарының тұрғындарына 600 мың теңге аудару жөнінде шешім қабылдады.
“Егемен-ақпарат”.