Қостанай облысында жыл басынан бері полицейлер 20 адамды ажалдан арашалап қалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінде өткен марапаттау шарасында айтылды.
Шарада Сарыкөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Әнуар Омаров пен Александр Ильяшов «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төс белгісімен мапаратталды. Олар биыл жазда жанып жатқан үйден қарт әйел мен оның мүгедек баласын аман алып шыққан болатын. Галина Зинченко полицейлерге ылғи алғысын айтып отырады. Ал Александр Ильяшовтың жұбайы Галина Ильяшова марапаттауға бір жасар қызымен келіпті.
«Александр жұмыста жүргенде ылғи уайымдап отырамыз. Оның ерлік істеріне мақтанамыз, әрине. Ол осымен екі рет адамдарды өрттен құтқарып қалды», дейді Галина. Ануар Омаровтың 11 және 12 жаста екі ұлы бар. Ануар: «Ұлдарым мен үшін мақтанатындай өмір сүргім келеді» дейді.
Қостанай