• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қараша, 2019

Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьерімен кездесті

402 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің (ҮБК) 18-ші отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына жасаған сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен екіжақты кездесу өткізді. 

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл қыркүйек айында ҚХР-ға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары барысында біздің мемлекеттеріміздің басшылары қол қойған ҚР-ҚХР Бірлескен мәлімдемесі екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті нақтылады», - деді А.Мамин.

Қытай Қазақстанның аса ірі сауда серіктесі. Соңғы уақытта екі ел арасындағы сауда көлемі едәуір арттырылды. 2019 жылдың 8 айында екіжақты сауда көлемі 26%-ға артып, $9,2 млрд құрады.

Тараптар сауда-экономикалық, индустриялық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу, электронды сауда, АХҚО дамыту салаларындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар