• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қараша, 2019

Белгілі журналист Мағауия Сембай дүниеден озды

860 рет
көрсетілді

«Егеменнің» ардагері, «Орталық Қазақстан»  басылымын ұзақ жыл басқарған қарымды қаламгер Мағауия Сембай дүниеден өтті.

Мағауия Сембай еңбек жолын 1976 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмәмдаған соң,  «Орталық Қазақстан» газетінен бастаған. Мұнда ол қатардағы тілші қызметінен бастап бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың бірінші орынбасарына дейінгі қызметте еңбек етті.

Республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде аға тілші, Қарағанды облысы бойынша меншікті тілші, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың журналистика бөлімшесінде аға оқытушы қызметін атқарған.

Кейінірек 1997 жылдан бастап «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы болды.

Журналист Е.Лұқпановпен бірлесіп жазған «Жауынгер қыздар-Боевые подруги» (1995), «Қолыма қалам алдым айтамын деп...»(2005) деректі очерктер кітабының авторы.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1980), Г. Толмачев атындағы республикалық байқаудың «2009 жылғы таңдаулы БАҚ редакторы» сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Облыстық Мәслихаттың ІІІ және IV шақырылымының депутаты (2003 жылдан). «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері, сондай-ақ төрт мерекелік медальмен марапатталған. Бұдан бөлек Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының арнай жүлдесінің, Президент сыйлығының иегері.