• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 06 Қараша, 2019

Н. Нығматулин: Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуға тиіс

207 рет
көрсетілді

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста мемлекетіміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

Осы заң жобасының маңыздылығына айрықша назар аударған Н. Нығматулин әсіресе, заң жобасында көрсетілген шағын және орта бизнестен түсетін корпортивтік табыс салығы түсімдерін жергілікті бюджетке беру жайына баса көңіл бөлді.

-Шын мәнінде, осы корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджетке беру туралы шешім өте орынды, өте қажетті. Енді жергілікті атқарушы органдар түсетін барлық қаржыны халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсау қажет, - деді Н. Нығматулин.

Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы қаражат түсті екен деп оңды-солды бағдарламалар ойлап таппай, қаражаттың әрбір азаматтың игілігіне тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алу керектігін атап өтті.

Палата Спикері атап өткендей, корпоративтік табыс салығынан түскен қаражат аймақ тынысына серпін беріп қана қоймай, шағын кәсіпкерліктің дамуына да жол ашуға тиіс. Талқылау соңында Мәжіліс Төрағасы бүгінгі айтылған барлық ұсыныс-пікірлер екінші оқылымға дейін жан-жақты пысықталу керектігін тапсырды.