• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Қараша, 2019

Стенд атудан қыздар командасы Азия чемпионатында топ жарды

211 рет
көрсетілді

Нысана көздеу және стенд атудан Катар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 

Стенд атудан «трап» бәсекесінде Қазақстан қыздар құрамасы командалық есепте чемпион атанды.

Сәрсенкүл Рысбекова, Анатасия Давыдова және Мария Дмитриенко үштігі 341 ұпаймен құрлықта көш бастады. Күміс жүлде Қытай, қола жүлде Тайпей спортшыларының еншісінде. 

Сондай-ақ Сәрсенкүл Рысбекова жекелей сында финалға жолдама алды.