• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қараша, 2019

Маңғыстауда жемқорлыққа қатысты өтініштер саны артқан

142 рет
көрсетілді

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмыстары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылады, деді Маңғыстау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша Департаменті тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Анар Маңқатаева.

Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша Департаментке 633 өтініш келіп түссе, өткен жылдың 9 ай қорытындысында 587 өтініш келіп түскен, яғни өткен жылмен салыстырғанда азаматтардың біздің органға сенімінің артқандығы байқалады.

Агенттіктің халықпен тығыз өзара байланыс орнату мақсатында құрылған Call-орталығына (1424) 26 өтініш келіп түсіп, оның 2-уі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері орын алған жағдайда, барлық азаматтар 1424 нөмірі бойынша Call- орталыққа хабарласа алады және ол жөнінде құпиялық қамтамасыз етіледі, деді ол.