• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қараша, 2019

«Шағырлы-Шөміштіде» 651,2 млн текше метр газ өндірілген

489 рет
көрсетілді

Биыл 390,7 мың тонна мұнай мен 910,4 млн текше метр газ өндірілген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай 2,5 мың тоннаға (99,3%), газ 77,2 млн текше метрге (92,1%) кеміп отыр.

- Астық терминалы Өзбекстанға 272 тонна ұн экспорттап, 4664 тонна ұн, 2057 тонна жем өндірді. 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек айына өнеркәсіп өнімінің көлемі 51,8 млрд теңгеге, негізгі капиталға салынған инвестиция 22,9 млрд теңгеге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 89,0% болса, инвестиция көлемі 100,6% құрады, - деді аудан әкімі Б.Әбілов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында болған брифингте.

«Шағырлы-Шөмішті» кен орнында 651,2 млн текше метр газ өндірілген. Бұл ауданда өндірілген газдың 79,7 құрайды. Қазір онда 247 адам еңбек етеді, оның 46,5% немесе 115-і аудан тұрғындары.

Ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес, 2019 жылдың қаңтар-мамырында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі 3769,0 млн теңгені (83,3%), 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі бөлшек сауданың нақты көлем индексі 9873,1 млн теңгені құрады (105,5%).

 

Маңғыстау облысы