Ақтауда Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы және «Азаматтық құқық» жеке меншік ұйымының ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта марафон квест өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің Алдын алу және парасаттылық басқармасының мамандары, мемлекеттік қызметшілер және «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Қатысушылар төрт командаға бөлініп алты деңгейден тұратын сайыстардан өтті.
Бір ерекшелігі әр тапсырма өзіне белгіленген жерде эстафеталық ойындар, сұрақ-жауаптар, фото байқау және қызықты ойындар түрінде өткізілді.
Нәтижесінде 4 команданың ішінде 1-ші орынды «Адал» тобы иеленіп, барлық қатысушы командаларға дипломдар табысталды.