• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Қараша, 2019

Елорда әкімдігі жарықтың сөніп қалуына байланысты түсініктеме берді

262 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында жарықтың сөніп қалу оқиғасына байланысты брифинг өтті. 

«10 қараша күні сағат 03:50 минутта 101 қызметіне хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, Сығанақ көшесі, 12-үйдегі 5 метр электр кабелі жанып жатқаны анықталды. Оқиғаға байланысты арнайы штаб құрылып, аварияны жою жұмыстары белсенді жүргізілді», деді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдай департаментінің өкілі Райымбек Әлімғазыұлы.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Бәзіл Дүйсенбекұлы дәл қазіргі уақытта қаладағы барлық нысандарға жарық берілгенін жеткізді.

«Арнайы топ екі күн жұмыс істеп, аварияның салдарын толық жойды. Ғимараттар мен көп қабатты кешендердің барлығына электр қуаты берілді. Тек «Бәйтерек» монументі мен Москва бизнес орталығы жарты сағаттан кейін электр қуатына қосылады», деді Бәзіл Дүйсенбекұлы.

Айта кетейік, кабельдік желілерді қалпына келтіру үшін 15 адамнан тұратын авариялық-қалпына келтіру бригадасы мен 8 арнайы техника жұмылдырылған.