Төтенше жағдай департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, Алматы қаласының Рысқұлов даңғылында орналасқан «Petrol Asia» жанар-жағармай бекетінің алдымен касса залы өртке оранып, қызыл жалын қасындағы техникалық қызмет көрсету орталығын шарпыған.
Өртенген аумақ 150 шаршы метрді құраған. Ал жалынды ауыздықтауға оқыс оқиға орнына жеткен департаменттің 43 қызметкері жұмылдырылған. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.