Бұл туралы Маңғыстау облысы Кірістер департаментінің мамандары «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі» алаңында болған брифингте мәлімдеді.
2016 жылдың басынан бастап 10 Қызмет түрі бойынша, 2018 жылдан бастап онлайн БКМ қолдануға міндетті тұлғалардың тізбесі кәсіпкерлік субъектілерімен 17 Қызмет түрі бойынша толықтырылды. 2019 жылдың қаңтарынан бастап онлайн БКМ қолдануға көшудің соңғы кезеңі басталды.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы бойынша тіркелген кассалар саны 14 мыңды құрайды, оның ішінде онлайн БКМ 13 мыңы іс жүзінде қолданыстағы кассалардың 93%-ы онлайн-режимде жұмыс істейді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметті патент негізінде жүзеге асыратын субъектілер және бірыңғай жер салығын төлеушілер онлайн БКМ қолданады. Бұл шамамен 9 071 салық төлеуші. Олардың 178-і бүгінгі күні бақылау-касса машиналарын қолданады. Осылайша, бүгінгі күні 8 893 патенщик пен ШҚ БКМ 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға міндетті.
Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне 85 онлайн кассаның үлгісі енгізілді, оның ішінде 15 модель БКМ-ға қойылатын заңнаманың барлық талаптарына жауап беретін және отандық әзірлеушілердің өнімі болып табылатын мобильдік құрылғыларда жұмыс істейді. Сондай-ақ салық төлеушілер үшін онлайн БКМ енгізу кезінде тіркеу рәсімі жеңілдетіледі. Енді кәсіпкер мемлекеттік кіріс органдарына келу тәртібімен салықтық өтініш беру талап етілмейді. БКМ онлайн мәліметтері фискалдық деректер операторының сайты арқылы электронды түрде беріледі.
Осы қызметті көрсету нәтижесін фискалдық деректер операторының жеке кабинеті арқылы алуға болады. Сонымен қатар, бәсекелестік ортаны құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Егер бұрын бір ғана оператор — «Қазақтелеком» АҚ жұмыс істесе, бүгінде фискалдық деректер операторларының функциялары «Транстелеком» АҚ және «Кар-Тел» ЖШС берілді, осылайша кәсіпкерлік субъектілеріне онлайн БКМ деректерін беру үшін оператор таңдау ұсынылады.
Заңнамаға сәйкес БКМ тек ақшалай есеп айырысу кезінде қолданылады. Бұл қолма-қол ақша қаражаты немесе Төлем карталары, қалғандары қолма-қол ақшаны қолданбайтын БКМ қолданудан босатылады. Сондай-ақ жеке тұлғалар мен екінші деңгейдегі банктер босатылады.