Ұлыбританияның астанасы – Лондонда теннистен АТР-дің қорытынды турнирінің екінші күні артта қалды.
Бьорн Борг тобындағы австриялық Доминик Тимнің қарқыны өте күшті. Алғашқы турда ол швейцариялық Роджер Федерерді тізе бүктірсе, іле-шала сербиялық Новак Джоковичке сан соқтырып кетті. Бұл матч 6:7, 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.
Тұсаукесер кездесуінде жеңілістің кермек дәмін татқан Роджер Федерер бұл жолы италиялық Маттео Берреттиниден басым түсті – 7:6, 6:3. Ал Андре Агассидің тобында бәсекелер бүгін өтеді.
Жарыстың алғашқы күні мынадай нәтижелер тіркелген еді:
Рафаэль Надаль (Испания)– Александр Зверев (Германия) 2:6, 4:6.
Стефанос Циципас (Грекия) –Даниил Медведев (Ресей) 7:6, 6:4.
Новак Джокович (Сербия) – Маттео Берреттини (Италия) 6:2, 6:1.
Доминик Тим (Австрия) – Роджер Федерер (Швейцария) 7:5, 7:5.