• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қараша, 2019

АҚПО-да жыл басынан бері 5010 бала өмірге келді

242 рет
көрсетілді

10 ай ішінде Ақтау қалалық перинаталдық орталығында 5 010 бала дүниеге келді (өткен жылы — 5 264 бала). Олардың ішінде 20 егіз және бір үшем (2018 жылы — 31 егіз, үшем болмаған). Бұл туралы орталық директоры Ғалия Махимова мәлімдеді.

«Ерте босану деңгейі босанудың жалпы санының үш пайызын құрады. Кешігіп босану аз болды. Серіктестік босану көрсеткіші өткен жылдар деңгейінде, шамамен 88 пайыз. Өткен жылдағыдай, әйелдердің 20 пайызы ота арқылы босанды. Тәуелсіз сараптама жүргізілді, ол жаңа туған нәрестелердің өлім-жітімінің басым еместігін растады. Бізде ана өлімі болған жоқ, деді АҚПО директоры.2020 жылы республикалық бюджет қаржысына орталыққа қажетті қосымша медициналық жабдықтар сатып алу жоспарлануда. АҚПО- да кадрлық тапшылық жоқ. Қазір орталық 2020 жылдың екінші тоқсанында өтетін аккредиттеуге дайындалуда. Кәсіпорынның аккредитациялаудан сәтті өтуі оған мемлекеттік тапсырыс алуға, рейтингке - сапалы медициналық көмек көрсетуге құқық береді. Бұдан басқа, аккредиттеу орталыққа 2020 жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында жұмыс істеуге құқық береді. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы АҚПО I санатты алып (облыстағы жалғыз) процедурадан өтті», делінген хабарламада.