• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Парламент 15 Қараша, 2019

Сенаторлар мәслихат депутаттарымен кездесті

118 рет
көрсетілді

Парламент Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатындағы бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамындағы депутаттармен кездесті, деп хабарлады Палатаның баспасөз қызметі.

Жүздесу барысында Мәслихат депутаттары Парламент Сенатының заң шығару қызметімен танысты. Кездесуге қатысушылар бюджетті жоспарлау, қалыптастыру және орындауға қатысты бірқатар мәселені талқылады, экономиканың, кәсіпкерлік-тің, өнеркәсіп пен инновацияның өзекті мәселелері көтеріл-ді.

Салалық комитеттің төрағасы Серік Жақсыбеков Сенат депутаттары заңдарды орындалуына мониторинг жүргізумен қатар жергілікті өкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті.

Отырысқа қатысушылар елордадағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұдан былай өзара іс-қимыл аясында жұмыс кездесулері мен кеңестер өткізу жоспарланды.