• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қараша, 2019

Қазақстанда айтарлықтай күн суытады

865 рет
көрсетілді

Қазгидрометтің хабарлауынша, 19-21 қараша күндері Қазақстанның барлық өңірінде күн суытады.  

Карск теңізінің арктикалық ауа массаларында антициклон қалыптасып, оңтүстік-батыс бағытында жылжып, 21 қарашада Ресейдің еуропалық территориясының орталығына дейін жетеді.

Антициклонның шығыс перифериясы бойынша Қазақстанға Батыс Сібір арқылы арктикалық теңізден өте суық ауа массасы келіп, республиканың басым аймақтарында айтарлықтай күн суытады.

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы -28-33°С аязға дейін төмендеуі мүмкін, сондай-ақ, кей жерлерде қар, бұрқасын, қатты екпінді жел күтіледі.

Сонымен қатар батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының кей жерлерінде қар, көктайғақ, тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде минус 7-15°С-қа дейін, қиыр оңтүстікте минус 3-8°С-қа дейін суытады.