• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Қараша, 2019

Қараойда кәсіпқой бокстан жарыс өтті

589 рет
көрсетілді

Жуырда Алматы облысы Іле ауданына қарасты Қараой ауылында кәсіпқой бокстан жарыс өтті. Осы бокс кешінде тоғыз жұп жұдырықтасты.

Рейтингтік бәсекелерде Қазақтың Спорт және туризм академиясының студенттері өте тамаша өнер көрсетті. Бұл команданы Қараойға аталмыш академияның бокс кафедрасының меңгерушісі Тайыржан Ысқақов пен елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы Дастан Сәдуақасов баптаған әкелді. Сол кеште өнер көрсеткен жеті жігіттің барлығы да өз жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады. Атап айтсақ, Дәулет Молдашев (52 кило) Шығысхан Тоқтамысты, Жасұлан Ержан (57 кило) Исрафил Мүсілімовті, Ерқанат Сағатбек (63 кило) Латиф Тухуевты, Самат Үйсінбай (66 кило) Ерлан Ерсайыновты, Мақсат Көбетай (69 кило) Алмат Тоқабаевты, Манас Құрбанов (75 кило) Рамзан Саитовты және Данияр Рақымбердинов (81 кило) Айбек Айтқалиевті ұтты.  

Сонымен қатар Алматы қаласында орналасқан «Шаңырақ» спорт мектебінің түлегі Асан Ерубек (63 кило) пен «Абылайхан» клубының мүшесі Нұрым Қабдуахит арасындағы айқас алғашқысының пайдасына шешілді. Ал осы бокс кешінің басты жекпе-жегінде «Дарын» клубының өкілі Бауыржан Саянұлы мен «Шаңырақ» спорт мектебінің тастүлегі Алмат Ақылбеков күш сынасты. Бұл бәсекеде Бауыржанның бағы жанды.