• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қараша, 2019

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарын қабылдады

328 рет
көрсетілді

Бұл туралы elbasy.kz хабарлады. 

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ассамблеяның атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берілді.

– Ассамблея алдындағы міндеттер айқын. XXVII сессияда қабылданған шешімдер бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары жарияланды. Енді өңірлік этномәдени бірлестіктерді тарта отырып  жергілікті жерлерде жұмысты ілгерілету және түсіндіру маңызды. Барлық облыстарда тиісті жұмысты жолға қою қажет,  - деді Елбасы

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА жұмысын халықаралық бағытта күшейтудің маңыздылығына назар аударды.

– Сіздің тапсырмаларыңызды орындау үшін Ассамблея жұмысын жандандыру бойынша бірқатар шара қабылданды. Негізгі басымдықты өңірлерге бердік. Соңғы 2 айдың ішінде 2000-нан астам іс-шара өткізіліп, 4,5 милионнан астам адам қатысты, - деді Жансейіт Түймебаев.

Кездесу соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.